«Өзіңе сен...» дебаты өткізілді

«Өзіңе сен...» дебаты өткізілді

   Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен  2020 жылғы 25 қыркүйекте жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Өзіңе сен...» дебаты онлайн негізде өткізілді.

   Жастардың ой-өрісін кеңейту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, пікірталас мәдениетін және сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін осы шараға Қарағанды облысының ЖОО пікірсайыс клубтарының студенттік командалары қатысты.

   Б.М. Мұсабеков, Қ.З. Сембиев, К.А. Төлеубаева сынды білікті мамандардан, ғалымдардан құралған төрешілер дебатқа қатысушылардың сөйлеу мәдениетін, тіл нормаларының сақталуы,  жауаптың нақты және шынайылығын ескере отырып, бағалады.

   Төрешілердің әділ шешімімен бас жүлдені ҚазтұтынуОдағы Қарағанды Экономикалық Университеті «Бірлік» пікірсайыс клубының «Бірлік» дебат командасы иеленіп, "Үздік команда" атағын алды. Екінші орынды Қарағанды Индустриялық Университетінің «Абадан» пікірсайыс клубының «Біз бастаймыз» дебат командасы, үшінші орынды Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті «ҚарМУ» пікірсайыс  клубының «Ақырын жүріп, анық бас» дебат командасы иеленді. Ал Қарағанды Техникалық Университетінің  «Самұрық» интеллектуалдық пікірсайыс клубының «По факту» дебат командасының көшбасшысы Амантай Ернияз «Дебаттың үздік спикері» атанды.

   Жеңімпаздар диплом, брендтелген кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.