Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы

Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы

Бүгін Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мамандары Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жоспарланған ақпараттық сағатқа қатысты.

Кіріспе ретінде аталған мерейтойдың маңызы түсіндірілді және жалпы Тіл басқармасы тарапынан мерейтой аясында жоспарланған іс-шараларға шолу жасалды.

Одан кейін Абай өмір сүрген кезең, шығармаларының мән-мазмұны мен маңызы, тақырыптық ауқымы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Нақтылы мысалдар келтіре отырып, ақындық, композиторлық, аудармашылық қырына тоқталды.

Қара сөздері мен өлеңдерінен нақтылы мысалдар келтіріліп, шығармаларының өміршеңдігі, бүгінгі күнмен өзектес екендігі тілге тиек болды.

Абайдың ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздан ерекше орын алатын тұлға екеніне назар аударылып, данышпанның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген қанатты сөзімен бүгінгі іс-шараның қорытынды түйіні жасалды.

Мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы жоспарланған ақпараттық сағат әрі қарай өзге де мекемелерде жалғасын табады.