Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Ана тілім - абыройым» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай  «Ана тілім - абыройым» облыстық байқауының  ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

  1. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай өңірлердегі мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілер арасында «Ана тілім – абыройым» облыстық байқауын 2025 жылғы 19 маусымда өткізеді.
  2. Байқаудың мақсаты:

- мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру;

- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай шығармашылығын және әдеби мұрасын насихаттау;

- қоғамдық қатынастардың барлық салаларына қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге жағдай жасау;

- мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу және тіл мәдениетін жетілдіру.

  1. Байқауға өңірлердегі мемлекеттік мекемелерден 5 адамнан құралған 1 командадан қатысады.

1.Байқауды өткізу тәртібі

  1. Байқау тапсырмалары мемлекеттік тілде беріледі және байқау келесі кезеңдерден тұрады:

І кезең: «Сәлемдесу». Әрбір команда өзін «Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз?» тақырыбында таныстыру әзірлейді (бейне-таныстыру, сахналық қойылым. т.б) 3 минут.

ІІ кезең: «Абай-дана, Абай-дара халықта». Әрбір команда Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты экраннан сұрақтарды таңдап, толық, нақты жауап беруі тиіс. (1 минуттан 3 сұраққа жауап береді).

ІІІ кезең: «Сөз - мерген». Мақал-мәтел, сөз тіркесі, шешендік сөздердің мағынасын ашады. Берілетін уақыт 3 минут.

ІV кезең: «Ісқағаздар сөйлейді». Әрбір команда белгілі бір жағдаятқа қатысты ресми ісқағаздың мемлекеттік тілде рәсімделген үлгісін ұсынуы тиіс. Берілетін уақыт 5 минут.

1.Қорытынды ережелер

  1. Басқарма тарапынан байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаз командаларды анықтау мақсатында білікті мамандардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен 5 адамнан құралған қазылар алқасының құрамы бекітіледі.
  2. Қазылар алқасы қатысушы командаларды бағалау кезінде төмендегі талаптарды:

1) сөйлеу мәдениетін;

2) тіл нормаларының сақталуы;

3) жауаптың толықтығын;

4) ресми іс-қағаздардың дұрыс рәсімделуін ескереді.

  1. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың жүлде қоры:

І орын  (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

ІІ орын (екеу) – 300 000 х 2 =  600 000 (алты жүз мың) теңге;

ІІІ орын (екеу)  – 200 000 х 2 = 400 000 (төрт жүз мың) теңге;

Ынталандыру сыйлығы (екеу) – 100 000 х 2 = 200 000 ( екі жүз  мың) теңге.

  1. Байқауға қатысу үшін өтінімдер (қосымшадағы кестеге сәйкес) 2025 жылғы 10 маусымға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 6/4 үй, 3-қабат) қабылданады тел. 78-04-09 (87025644822), эл.пошта 03resurs@mail.ru).                                                                                                                                                                                                                                                               Өтінім үлгісі                                                                                     
    команданың атауы қатысатын өңір жауапты маман байл. телефоны