Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы

Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы

Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен Төтенше жағдайлар департаменті мамандарына «Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбында арнайы ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Спикер Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында қолға алынған іс-шарада Абайдың қазақ руханиятынан, әлемдік кеңістіктен алатын орнына тоқталды, қазақ қоғамына аударма арқылы мықты деген әдебиет жауһарын әкелген еңбегі ерекше атап өтілді.

Абай бейнесі жан-жақты қырынан қарастырылып, данышпан, хакім, ақын, аудармашы, композитор, ойшыл ретіндегі болмысы; шығармаларының жалпы мән-мазмұны, тақырыптық ауқымы туралы нақты ақпарат берілді. Өзі өмір сүрген қоғамның ең өзекті мәселелерін көтергенін айта келіп, өлеңдері мен қара сөздерінен нақты мысалдар келтірді.

Іс-шара соңында Ұлы кемеңгер шығармаларында көтерілген мәселенің бүгінгі қоғам талабымен үндесетіні, оқу-білім, еңбекқорлық, жалпы адами құндылықтар мәселесі бүгін де маңызды екені, адам бойындағы ізгілік сезімдерін дамыту үшін кітап оқу мәдениеті қалыптасуы керек екені айтылып, бұл ретте ақынның өлеңдері мен қара сөздерін, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқуды қолға алу керек деген мәселе көтерілді.

P.S. Абайдың асыл мұрасы барша адамзат баласының рухани азығы іспеттес. Ақын шығармалары – ұлттық идеологияның түп қазығы болып қала бермек.