Елді мекендерде идеологиялық тұрғыдан ескірген, ғылыми негізге сай жүйеленбеген ономастикалық атаулар жеткілікті. Ономастика саласындағы ғылыми-әдістемелік мәселелерді бірлесе шешуге, ұлттық атауларды қалыптастыру ісіне тың серпін беруге мүдделі топтардың бас қосуы- тиімді.
Осы мақсатта Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының филология ғылымдарының кандидаты, доцент Пашан Дана Мұсабекқызын дөңгелек үстел отырысына арнайы шақырды. Дана Мұсабекқызы «Атау – ұлттық код: қазақ ономастикасының жаңа бағдары» тақырыбында баяндама жасады.Отырысқа өңірлердегі тілге жауапты мамандар,облыстық ономастика комиссиясының мүшелері,жалпы мүдделі тараптар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тіл жанашырлары қазіргі ономастикалық атауларды ұлттық сана мен тарихи жадының көрінісі ретінде қарастыру, жаңа атауларды ғылыми негізде қалыптастыру туралы пікір-пайымдарын ортаға салды.
-Бұл бас қосуымыз ономастика сияқты үлкен жауапкершілікті талап ететін саланың мамандарына бағыт-бағдар беру, пікір алмасу, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алу мақсатында ұйымдастырылған ашық әңгіме алаңы. «Ономастикалық кеңістіктегі өзекті мәселелер: жаңаша атауларды қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өткізілуі-уақыт талабынан туындаған маңызды бастама, -деді талқылау алаңының модераторы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Шалабаева Алма Қабыкенқызы.
Жиын барысында облыстық ономастика комиссиясының өкілдері, этнограф, тарихшы Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы мен Жакин Мәулен Советұлы ономастика бағытындағы топонимдік еңбектері бойынша баяндама жасады.
Шара соңында басқарма басшысы Шалабаева А.Қ. қатысушыларға ризашылық ілтипатын білдіріп, белсенді азаматтар тобына алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етті.#ономастикақарағанды #қарағандытілдердідамытубасқармасы