Қарағанды облысында «Отбасымызбен қазақша сөйлейміз» атты жаңа жоба қолға алынды.

Қарағанды облысында  «Отбасымызбен қазақша сөйлейміз» атты жаңа жоба қолға алынды.

Көп ұлтты елімізде отбасымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақы ортаға бейімделген өзге ұлт өкілдері аз емес. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіре білген, қазақ тіліне құрметі айрықша отбасылар Қарағанды облысында біршама.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтатып жүрген сол отбасылардың өнегелі ісін, тілге деген құрметін жұртшылыққа насихаттау мақсатында «Отбасымызбен қазақша сөйлейміз» атты жаңа жоба бастау алды.

Танымдық бағыттағы бұл жобаны Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандары даярлауда. «Отбасымызбен қазақша сөйлейміз» көрсетілімінің алғашқы саны YouTube арнасы арқылы көрерменге жол тартты. Жобаның алғашқы қонағы болып Түркияның Стамбул қаласынан қызмет бабымен келген Алиевтер отбасы таныстырылды. Отағасы – түрік, ал жұбайының ұлты — әзербайжан.Екі ұл, екі қызы бар бұл жанұя қазақ тілінде еркін сөйлейді.

«Отбасымызбен қазақша сөйлейміз» жобасын қолға алудағы міндет – мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерінің тілге деген құрметін көрсете отырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді жандандыру. Мемлекеттік тілдің насихатшысына айналған отбасылардың игі істерін дәріптеу.