
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.
Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.
«Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңін өткізуде.
Байқаудың мақсаты: отбасы институтын нығайту, руханият, саналы некенің маңыздылығын ұғыну, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, мүгедектер мен қарт ата-аналардың кәмелетке толған балаларына қамқорлық көрсету.
Қалалық байқау жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады, 1-орын алған отбасы облыстық турға қатысады.
Байқауға қатысу үшін толтырылған өтінімді келесі құжаттармен бірге жіберу қажет:
1) неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
2) отбасының барлық мүшелерінің жеке куәліктерінің және балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
3) ата-аналардың жұмыс орнынан және балалардың оқу орнынан анықтамалар мен сипаттамалар;
4) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің (грамоталар, алғыс хаттар) бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
5) отбасы мүшелерінің жоғары еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері (грамоталар, алғыс хаттар).
Сондай-ақ отбасылық жетістіктердің фото презентациясы мен портфолио қоса беру қажет.
Өтінімдерді жинау 2025 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін жалғасады.
Барлық материалдар электронды түрде, бейнеролик, презентация ovp.temirtau@mail.ru электронды мекенжайына «Мерейлі отбасы» белгісімен жіберу қажет.
Сонымен қатар өтінімді, құжаттардың, грамоталардың, сипаттамалардың көшірмелері бар портфолионы 15 маусымға дейін Абай көшесі, 112, мекенжайы бойынша 24, 27 кабинеттерге әкелу қажет.
Анықтама телефондары: 8-775-989-45-43.