23 желтоқсанда жүздеген теміртаулықтар металлургтер қаласында жаңа жылдық мерекелерді бастау үшін "Астана" алаңына жиналды.
Салтанатты рәсімнің құрметіне сахнада Теміртау мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары, сондай-ақ Қали Байжанов (Қарағанды қ.) атындағы концерттік бірлестіктің әртістері өнер көрсетті, өнерпаздар танымал әндерді орындап, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жас теміртаулықтардың жарқын би флешмобынан кейін аниматорлар мультфильм кейіпкерлерінің костюмдерімен көңіл көтерді. Балалар Коржик пен Карамельді, Снеговик Олафты, Гринч және басқа да сүйікті кейіпкерлерді қуана құшақтады.
Осы уақытта Аяз Ата мен Ақшақар сахнаға шықты. Қаланың басты шыршасын жағу рәсімі үлкен қошеметпен өтті. Мерекенің негізгі безендірілуінен басқа, алаңда тақырыптық мүсіндер орналасқан. Алғашқы кештен бастап түрлі-түсті шамдармен жарқыраған "Сағат" пен "Қайық " теміртаулықтардың сүйікті фотоаймақтарының біріне айналды. Жарқыраған шамдармен безендірілген негізгі ағаштың биіктігі-25 метр.