5 желтоқсанда Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында Алты Алаштың абыз ақсақалы, кемеңгер қариясы Абылай ханның бас кеңесшісі болған Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармашылығын насихаттауға арналған “Бұқарекең жырлайды” атты жыршы-жыраулар сайсы өтті. 30-дан астам қатысушы баба мұрасын жатқа оқып, өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты.
Бұқар-жырау Қалқаманұлы-даланың ұлы ойшылдарының бірі, Қазақ хандығының идеологы, поэтикалық шығармалардың дарынды авторы, өз шығармашылығының арқасында қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болып саналады. Бұқар жырау шығармашылығына арналған поэтикалық жарыс Теміртау үшін дәстүрлі іс-шара болмақ.
- Бұқар жырау оқулары алғаш рет өткізіліп отыр, өйткені біз өткен жылы ғана құрылған болатынбыз. Біз оны жыл сайын қатысушыларды іс-шараға тарту арқылы өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл 35 адам өтінім берді, олар-оқушылар мен студенттер, түрлі саладағы қызметкерлер. Біздің ең ересек қатысушымыз 84 жаста, ал ең жасымыз – 8 жаста, - дейді "Теміртау қаласының ресурстық тіл орталығы"КММ басшысы Гүлнар Ақышбаева
Қазылар алқасының құрамына ақын-айтыскерлер Тілеген Әділов пен Дидар Қами, сондай-ақ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тахиров Саржан Уахитұлы кірді. Іс-шараны айтыскер және ақын Айтбай Жұмағұл жүргізді. Байқаудың өзі үш номинация бойынша өтті: Бұқар-жырау оқулары, басқа ұлт өкілдерінің толғауы (орыс және қазақ тілдерінде) оқуы, жырау әңгімешілері (әр түрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен шығармаларды орындау). Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бірінші номинацияда Бұқар жыраудың 20-дан астам шығармасын жатқа білетін Мейіржанова Аяулым жеңімпаз атанды. 2 орын-Қытайбекова Нұрбану, 3 орынды Рахымбекова Милана мен Хуанған Арайлым бөлісті.
Екінші номинацияда Гладких Данил, 2 орын-Иванькина Анна, 3 орын-Конева Дарья жеңімпаз атанды.
Үшінші номинацияның жеңімпазы-Мағауия Қуатбаев, Теміртау мәдениет сарайының қызметкері иеленді. 2 орынды Бұқар жыраудың шығармаларын баян аспабымен орындаған Мәлік Әбдірайымов алды. 2 орын Аслан Төлеуге де бұйырды. 3 орынды-Ерлан Бекмұратов пен Раушан Тоқтамұрат алды.
Арнайы жүлделермен Жанарыс Тілеубек, Ботбай Нұралы, Байсүгіров Нұрмұхамед марапатталды.