1 мамырда Теміртау қоғамдық көлігінде ONAY электрондық жол ақысын төлеу жүйесі енгізіледі! 

1 мамырда Теміртау қоғамдық көлігінде ONAY электрондық жол ақысын төлеу жүйесі енгізіледі! 

Қала автобустарында жол ақысын тіркеу және төлеуді көлік карталарының көмегімен немесе баламалы тәсілдермен (ONAY мобильді қосымшасында! QR, көлік коды бойынша немесе sms-хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақша арқылы) жүзеге асыруға болады.

Тарифтер

Мамыр айында қалалық автобустарда жол жүру тарифі өзгеріссіз қалады.

Сапарды ONAY жеке көлік картасымен тіркеу кезінде "Республикалық жеңілдік" санатындағы адамдарға (марапат алған көпбалалы аналар мен 1 - топтағы мүгедектерге ресімделеді) - жол жүру тегін.

Сапарды "7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар" картасымен тіркеу кезінде-толық тарифтің құны 50 пайыз болады.

Қолма - қол төлеу кезінде-барлығы үшін 70 теңге.

Теміртауға қоғамдық көлікте жол жүруге сараланған тариф енгізу туралы мәселе қаралуда.

Жеңілдікті карталарды Блюхер көшесі, 13 мекен жайында орналасқан қызмет көрсету пунктінде; балаларға - мектептерде ресімдеуге болады.

Бірыңғай картаны қызмет көрсету пунктінен немесе жеке дүкендерден: "Сарыарқа Нан" дүңгіршектерінен және "Южный"супермаркетінен сатып алуға болады.

Сонымен қатар, ONAY мобильді қосымшасында негізгі тариф бойынша QR-код арқылы жол ақысын төлеу үшін виртуалды картаны шығаруға болады (жеңілдікті есепке алмағанда).

Жол ақысын төлеудің жаңа жүйесімен байланысты барлық сұрақтар бойынша ONAY байланыс орталығына хабарласуға болады! 8 7212 506050 телефоны бойынша, Instagram-да жазу - www.instagram.com/onay_temirtau / компания сайты - www.onay.kz