Қарағанды – Теміртау бағытындағы автобус саны 10-нан 16 бірлікке дейін артты! Осылайша екі қала арасындағы қоғамдық көлік қатынасындағы ақаулар жойылады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы жылдың 31 наурызында №107 "Қарағанды-Теміртау" бағытына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізген. Сондай-ақ маршруттағы автобустар санының 10-нан 16 бірлікке дейін ұлғаюын ескере отырып, жаңа кесте әзірленді.
Қазіргі уақытта автобустар мен жүргізуші құрамын дайындау жұмыстары жүргізілуде, содан кейін 17 сәуірден бастап жолаушыларды тасымалдау жаңа кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Жаңа бекітілген кесте күшіне енгенге дейін тасымалдаушыларға автобустардың қозғалыс кестесінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы хабарламалар жіберілген. Атап айтқанда, таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта 11 және 12 сәуірде желіде 10 автобус жүрді. Олардың қозғалысын " ONAY!» жүйесі арқылы бақылап отыруға болады.