"Көрнекі ақпарат пен жарнамаға-сауаттылық!"

"Көрнекі ақпарат пен жарнамаға-сауаттылық!"

Теміртау қаласы тұрғындарының назарына!       2023 жылдың 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында Теміртау қаласында "Көрнекі ақпарат пен жарнамаға-сауаттылық!" айлығы жарияланады. Айлық аясында қаладағы көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың ҚР "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жарнама туралы" және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңдары талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-мониторинг тобы түсіндіру-насихат жұмыстарын жүргізеді.     Аталмыш акцияға тіл жанашырларын,  қоғам белсенділерін қатысуға шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөміріне хабарласыңыздар: 922159, 87754325107 «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ.