«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-ларға түсу үшін өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр
Магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша жетекші шетелдік ЖОО-ларға түсу үшін құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр.
Өтінімдер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды келесі сілтеме арқылы тапсыруға болады: https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/184pass_mon
Тағылымдамадан өту үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.
Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау барысы басталды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Осыған орай техникалық және IT мамандықтарға гранттардың үлесі 36%-дан 60%-ға дейін ұлғайды.
Оған қоса, «инженерлік-техникалық мамандар» жаңа жеңілдік квота санатын енгізу қарастырылуда. Квота санатындағы үміткерлер құжат тыпсырған кезде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына өз еркімен түсуге міндетті емес.
Инженерлік-техникалық қызметкерлер магистр дәрежесін алу үшін конкурстық іріктеуге қатысқанда мыналар қажет:
- В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ сертификаты;
- Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша сертификаты;
- Дипломның орташа балы 4.00-ден (4.33) – кемінде GPA 2.67- болуы тиіс;
-Бакалавр/маман дипломы бойынша мамандық, таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.
Инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін бір жылдық тілдік курстардан өткізу жоспарланып отыр, содан кейін ғана Болашақ бағдарламасының стипендиаттарын оқыту үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарына орналастыру жүргізіледі.
Сондай-ақ ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлерде квота санатына жатады. Оларға да мүмкіндіктерді кеңейту жоспарда бар. Мәселен, IELTS тапсыру нәтижесі бойынша ағылшын тілін білуге қойылатын талапты 5.0 балл деңгейіне дейін төмендету жоспарланып отыр.
Қалған үміткерлер, жоғарыда аталған жеңілдік санаттарынан басқалары, жетекші шетелдік ЖОО-лардан шақыруы болған жағдайда ғана конкурсқа қатыса алады.
Басым мамандықтар тізімі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отыра әзірленді
«Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімі академиялық оқу үшін 92 мамандықты және тағылымдамадан өту үшін 158 мамандықты көздейді. Биыл еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесі бойынша Тізімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия саласындағы 40 жаңа мамандықтар енді. Осы ретте 17 мамандық атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылды. Жалпы алғанда, Басым мамандықтар тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.
Биыл басым мамандықтар «Инновациялар және жаңа технологиялар», «Индустриялық инженерия», «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Білім», «Медицина» және «Шығармашылық индустрия» бағыттары бойынша үлестірілген.
Аталған тізім мемлекеттік органдар мен әртүрлі ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ еңбек нарығының орта мерзімді болжамы негізінде әзірленді.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Тізімді арнайы комиссия қарастырып, бекітті.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі толықтырылды
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді.
Тізімге QS, Times Higher Education, Academic Rankings of World Universities халықаралық академиялық рейтингтердің үздік 250 университеттерінің қатарына және БРҮҚОА (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) елдерінің ұлттық рйетингтеріне енетін 26 елдің 236 шетелдік жоғары оқу орны кірді.
Конкурстық іріктеу
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу және құжаттар қабылдау үдерістері толығымен автоматтандырылған. Үміткерлерге ыңғайлы болу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау онлайн режимінде өтеді. «Болашақ» бағдарламасымен үздік ЖОО-ларға түсуді көздейтін үміткерлер өз үйінен шықпай-ақ, құжаттарды Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында тапсыра алады.
Үміткердің конкурстық іріктеудегі жолы да цифрландырылған. Үміткерге жеке кабинетте бірегей код беріледі, осы код үміткерді конкурстық іріктеу барысында сүйемелдейді. Сонымен қатар, үміткердің жеке мәліметтері бірегей сәйкестендіру жүйесінің көмегімен кодталған. Кокурстық кезеңдердің саны 6-дан 3-ке дейін қысқартылды. Іріктеу кезеңдеріне кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау кіреді.
Айта кетейік, конкурстық іріктеуді өткізу үрдістерін автоматтандыру Президенттік кадрлық резервіне қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізудің тәжірибесіне сүйеніп, жүзеге асырылды.
Басым мамандықтар тізімі: https://bolashak.gov.kz/kz/mamandytar
Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі:
https://bolashak.gov.kz/kz/zhoo
Қажетті құжаттардың тізімі: https://bolashak.gov.kz/kz/zhattardy-alaj-tapsyru-bolady