10 қаңтарда өткен аппараттық жиналыс.

10 қаңтарда өткен аппараттық жиналыс.

Еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  2022 жылдың 10 қаңтарын жалпыұлттық аза тұту күні  деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Қала әкімі  Қайрат Бегімов кеңесті бір минут үнсіздікпен бастады.

Күн тәртібінде мәселелер:

Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде:

ЖЭО-2 отынның нормативтік қоры жеткілікті:

- 27 күнге көмір қоры, 177 833 т немесе нормадан 133% ;

- мазут 40 күнге, 8 085 т немесе нормадан 202%.

ГРЭС-1 отынның нормативтік қоры жеткілікті:

- 22 күнге көмір қоры, 40 362 т немесе нормадан 108% ;

- мазут 14 күнге, 173 т немесе нормадан 72%.

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің барлық 1179 КПТҮ, әлеуметтік нысандар жылуға қосылған.

Жылыту маусымын өткізу мәселелері тұрақты бақылауда

 

Денсаулық сақтау жағдайы:

Қаланың барлық денсаулық сақтау ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.  Мереке және демалыс күндері 19 қаңтарға дейін ТЖ жағдайына кезекші дәрігерлер жұмыс атқаратын болады.

Теміртау қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Өткен тәулікте 17 жағдай тіркелген. Оның ішінде 10 адам өздері дәрігерге жүгінген, жақын байланыс-7.

 

Білім беру нысандары туралы

Қаланың барлық білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Республикадағы төтенше жағдайға байланысты және балалардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ министрінің м.а. бұйрығымен Теміртау қаласының мектептерінде 1-11 сынып оқушылары үшін демалыс 2022 жылғы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Оқушылардың ата-аналарына каникул ұзартылғаны туралы хабарланды. Қаланың білім беру ұйымдарында жылу, жарық және сумен жабдықтау бар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру мекемелерінде (сыртқы және ішкі) бейнебақылау камералары, "дабыл түймесі" және турникеттер орнатылған.

27 тамыздан бастап қаланың барлық мектептері мамандандырылған күзетке берілді.

Барлық білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы паспорттар бар және өрт дабылы орнатылған.

Қаланың мектепке дейінгі ұйымдары 10 қаңтардан бастап штаттық жұмыс режимінде 7.30-дан бастап жұмыс атқаруда. Сағат 18.00-ге дейін мектепке дейінгі ұйымдарда әкімшілік кезекшілік қамтамасыз етілді, балаларды қабылдағаннан кейін балабақшаны жабу қамтамасыз етілді, мұның бәрі коменданттық сағат жағдайларын ескере отырып жасалды. Сағат 8.30-дан бастап бөтен адамдар мен келушілерге балабақшаға кіруге тыйым салынады.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру туралы.

2022 жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамтамасыз ету үшін 621,1 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат көзделген.

2022 жылға өтініш мерзімі ұзартылды:

- Жеке көмекшінің қызметіне мұқтаж 350 мүмкіндігі шектеулі адам;

- Ымдау тілі маманының қызметіне мұқтаж 53 мүмкіндігі шектеулі адам;

- атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған азаматтар және т. б.

2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша 241 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына әлі ешкім жіберілген жоқ, тіркеу рәсімдерінен өтуде.

 

Жағдай тұрақтанғаннан кейін екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының тұрақты және үздіксіз жұмысын қалпына келтіруді қамтамасыз ету туралы ақпарат.

Halyk және Kaspi банк сервистерінің жұмысы реттелді. Карталық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеуде. Банкоматтарды ақшамен толтыру уақтылы жүргізілуде, халықтың арасында дүрбелең туындап жатқан жоқ.

10 қаңтарда Халық банкінің 4 сату арналарын ашу жоспарлануда (Республика 26, Республика 27, Металлургтер 10, "АМТ"АҚ аумағында).

Ұлттық Банктің өкімдерінен кейін ЕДБ барлық филиалдары мен қаржы ұйымдарының жұмысы әдеттегі режимде қалпына келтіріледі.

 

Теміртау қ. жолаушыларды тасымалдау көлігі бойынша ақпарат

Теміртау қаласында жолаушылар тасымалы 14 қалалық және 8 қала маңындағы бағыттар бойынша ұйымдастырылған.

Сондай – ақ Теміртау қаласында "TemirtauAssociatesandAncillariesllp" ЖШС трамвай паркімен жолаушыларды рельстік көлікпен (трамвайлармен) тасымалдау жүзеге асырылады-1 маршрут.

Қазіргі уақытта қалалық маршруттар бойынша жолаушылар көлігі желісіне күнделікті шығу орташа есеппен 90-100 автобусты құрайды, жоспар бойынша 149 (67%). Қоғамдық көліктің жолға шығуы бойынша біршама мәселелер бар. Әсіресе жоспардың орындалмауы негізінен "ТТС" ЖШС бойынша байқалады. Аталмыш мекемедегі мәселелер жүргізуші құрамның жіті жетіспеушілігімен, сондай-ақ техникалық ақаулыққа байланысты АТС желісінен жиі шығып тұрумен байланысты. Осыған байланысты қозғалыс кестелері мен аралықтарының бұзылуы байқалады.

2021 жылғы 6 қазан мен 6 қарашада "ТТС" ЖШС-мен шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты №№ 6, 8 екі маршрут бойынша шарттар бұзылды. Қазіргі уақытта сот талқылаулары жүріп жатыр.