Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындарының назарына!

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындарының назарына!

Сен адалсың, әділеттісің және ақшаға сатылмайтын арлы азаматсың!

Сен еліміздің болашағына алаңдайсың, айналаңа бей-жай қарамайсың.

 Онда біздің қатарымызға қосыл!

Антикор жігерлі жастарды шақырады.

Егер Сіз 36 жасқа толмаған болсаңыз және заңдық біліміңіз болса, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте заңнаманы білетініңізді анықтайтын және жеке қасиеттеріңізді бағалайтын тест тапсырып, қажетті құжатты өткізсеңіз жеткілікті!

Әрі қарай құқық қорғау органдары академиясында 6 ай оқу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына ашық іріктеу болады.

Толығырақ: аnticorruption.gov.kz сайтында

Жемқорлықты жеңетін уақыт келді! 

 Балаларымыздың жарқын болашағын бірге жасайық!