Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасы азаматтарының назарына!!!

Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасы азаматтарының назарына!!!

Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасы азаматтарының назарына!!!
2021 жылғы 24 қазанда Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттерде сайлау учаскелері құрылды.
Азаматтарға барынша ыңғайлы болу мақсатында Өзбекстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі (№14 сайлау округі, №20 сайлау учаскесі) Қазақстан Республикасының өңірлеріне барып, мерзімінен бұрын дауыс беруді ұйымдастырады:

2021 ж. 14 қазанда Қарағанды қ. сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің ғимаратында (Мекен-жайы: Шахтерлер даңғылы, 64 үй);

2021 ж. 14 қазан Павлодар қаласында сағат 8:00-ден 20: 00-ге дейін., Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінің ғимаратында (Мекен - жайы: Бірінші Май к-сі, 31-Кривенко к-сінің қиылысында);

2021 ж. 15 қазанда Теміртау қаласында сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, Мәдениет сарайында (мекенжайы: Республика даңғылы, 38-үй);

2021 ж. 15 қазанда Екібастұз қаласында сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінің ғимаратында (мекенжайы: М. Жүсіпов көшесі, 52а үй);

2021 ж. 18 қазанда Петропавл қаласында сағат 8:00-ден 20: 00-ге дейін., Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің ғимаратында (Мекен-жайы: Қазақстан Конституциясы көшесі, 27 үй);

2021 ж. 18 қазанда Қостанай қаласында сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінің ғимаратында (мекенжайы: Алтынсарин көшесі, 115 үй);

2021 ж. 19 қазанда Рудный қаласында сағат 8:00-ден 20: 00-ге дейін, даму және шығармашылық сарайында (мекенжайы: Комсомольский даңғылы, 45-үй).

Ескерту:
1) дауыс беру кезінде міндетті түрде өзіңізбен бірге Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты болуы тиіс;

2) ҚР-дағы Өзбекстан елшілігінің консулынан консулдық-құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігі бар.