Әдеп жөніндегі уәкіл деген кім?

Әдеп жөніндегі уәкіл деген кім?

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Егер сіз Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы немесе қызметтік әдеп нормаларын бұзушылыққа тап болсаңыз, осы фактілер жөнінде Теміртау қаласының әдеп жөніндегі Уәкіліне онлайн режимінде хабарлауға және консультация алуға болады.