Құрметті теміртаулықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы тәуелсіз еліміздің халқы өз тарихи таңдауын жасап, жалпы халықтық референдумда негізгі Заңымыз қабылданып, еліміздің даму перспективасы анықталды. Азат елдің Ата Заңы ұлан-байтақ қазақ даласының татулығы мен біртұтастығын сақтауға арналған басты құжатымыз. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы Конституцияға құрметпен қарауы тиіс. Себебі Ата Заңымыздың арқасында еліміздің іргесі бекіді, бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп, Қазақстан жүздеген ұлт өкілдерінің аяулы атамекеніне айналды. Ең бастысы, халықтың әл-ауқаты артып, тұрмысы түзелді. Қадірлі жерлестер! Барша халықтың мерекесі, елдігіміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі – Ата Заңымыз мәңгілік болсын! Конституция күні құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, толағай табыс, әрбір шаңыраққа құт-береке тілеймін!