2021 ЖЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

2021 ЖЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

2021 жылғы 1 маусымнан бастап елді мекендерде тізімдер жасау бойынша Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының дайындық кезеңі басталды. Маусым айының соңына дейін интервьюерлер тікелей (жеке) бару және онда тұрақты тұратын адамдардың санын нақтылау жолымен тұрғын үйлерді (Тұрғын ғимараттарды) және тұрғын емес үй-жайларды аралап, есепке алу жүргізетін болады.
Учаскені аралау кезінде интервьюердің өзімен бірге Тегі, Аты, Әкесінің аты, берілген күні және оның қолданылу мерзімі көрсетілген фотосуреті бар куәлігі, Халық санағының нышаны, сондай-ақ аумақтық статистика органының қолы мен мөрі болуға міндетті. Әрбір интервьюерде халық санағының символикасы бар көк түсті портфель болады.
Санақтың дайындық кезеңінде алынған мәліметтер санақ аудандастыруды жүргізу, яғни аумаққа бөлу және есеп учаскелеріне бөлу және халық санағының негізгі кезеңі үшін ұйымдастыру жоспарын жасау үшін пайдаланылатын болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар бірыңғай call-орталыққа ұялы және стационарлық телефондарға арналған 1446 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жарамды болады. Call-орталыққа қоңырау шалу тегін.