Теміртауда кезекте тұрғандар үшін үш көпқабатты үй салынады

Теміртауда кезекте тұрғандар үшін үш көпқабатты үй салынады

Қарағанды облысының Теміртау қаласында үш көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Пәтерлермен халықтың әлеуметтік қорғалатын санатындағы отбасылар қамтамасыз етіледі.

Металлургтер қаласының 4а орамында 90 пәтерлі екі көп қабатты тұрғын үй пайда болады. Баспананы пайдалануға беру осы жылға белгіленген. Құрылыс нәтижелері бойынша кезекте тұрған 180 адам мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтермен қамтамасыз етіледі.

Тағы бір көпқабатты үй "Горка Дружбы" шағын ауданында пайда болады. Үйде барлығы 36 пәтер болады.

Сондай-ақ, Теміртауда көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер "Эгида Строй Групп" ЖШС ескі тіректерді алып тастап, олардың орнына жаңаларын орнатады.

"Республика даңғылында 234 торшер мен жаңа жарықдиодты шамдар орнатылды. Қазіргі уақытта 250 тірек орнатуға орамішілік көше жарығын қалпына келтірумен айналысатын мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде", – деп хабарлады Теміртау қаласының әкімдігі.