БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысының аумағында коронавирустық инфекция аурушаңдығы өсімінің жалғасуына байланысты "Ashyq" пилоттық жобасы іске асырылып жатқан объектілерін қоспағанда, қызметі жаңартылмаған объектілерге (караоке, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, компьютерлік клубтар, боулинг-орталықтар) баруға тыйым салу талабы қалып отыр, сонымен қатар олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға да тыйым салынған.

Қарағанды облысының "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілері облыстың "қызыл аймақта" болуына қарамастан, "сары аймақта" қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істейді.

Бұдан басқа, қолданыстағы Қаулының талаптарына сәйкес бұқаралық, ойын-сауық, отбасылық және естелік іс-шараларын (оның ішінде "ауыз ашар", Пасхаға арналған мерекелік іс-шаралар, еске алу және т.б.) өткізуге тыйым салынған, енді халықтың осындай іс-шараларға баруына да тыйым салынды.

Сондай-ақ балалар арасында КВИ сырқаттанушылықтың тіркелуінің өсуіне байланысты Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Балқаш, Приозерск, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Абай, Нұра, Осакаров аудандарында жалпы білім беретін мектепалды сыныптарының, 1-5 сынып оқушылары, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарын қоса алғанда коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қашықтықтан оқыту форматына  көшіріледі.

Бұл ретте, оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқыту кезінде топтардағы балалар саны 15 - тен 10 адамға дейін төмендеді, ал көрсетілген қалалар мен аудандарда топтардағы балалар саны міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты, шахмат ретімен отырғызу және бетперде режимін сақтай отырып, 5 адамнан аспауы тиіс. Облыстың басқа өңірлерінде оқыту бұрынғы форматта жалғасатын болады.

Қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.