Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!

Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!

Хабарландыру!

Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!

Сіздерді 2021 жылғы 20 ақпаннан 10 наурызға дейінгі аралықта «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде 2022 жылы іске асыру үшін ұсыныстардың қабылданатыны туралы хабардар етеміз.

Теміртау қаласының халық қатысатын бюджетінің мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қаланы дамыту және аумағын көркейту. 

Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

1) Жобалық ұсыныстың атауы жинақы, бір сөйлем шеңберінде жазылуы тиіс және  ұсынылған Жобалық ұсыныс мақсатына қарама-қайшы келмеуі тиіс;

2) Жобалық ұсыныстар келесі өлшемшарттарға жауап беруі тиіс: 

бір өтінім – бір объект;

қала тұрғындары үшін қолжетімділігі шектеусіз ортақ пайдалану объектісі;

объект оны іске асыру жоспарланып отырған қала аумағында және коммуналдық меншіктегі жер учаскесінде орналасуы тиіс;

3) Жобалық ұсынысты іске асыру Теміртау қаласы әкімдігі құзыретінің шегінде болуы тиіс.

Халық қатысатын бюджет шеңберінде мынадай жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды:

1)  жобалау-сметалық құжаттаманы іске асыруға ғана есептелгендері;

2) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтерінің біреуін орындау келешекте қосымша элементтерді іске асыруды талап ететіні);

3) Теміртау қаласының бекітілген бағдарламасына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы;

4) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтіндері.

«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде азаматтар әкімшісі «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» болып табылатын іс-шаралар бойынша қалалық бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.

Жобалық ұсыныстарды іске асыру мерзімі бір бюджеттік жылдан аспауы тиіс.

Теміртау қаласының кәмелетке толған барлық тұрғындары өз ұсыныстарын жібере алады.

Ұсыныстарды Теміртау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет» тарауына жіберуге болады. Қала тұрғындарының жария дауыс беруі іске асырылатын жобаларды анықтайды.

Жобалық ұсынысқа автор автор міндетті түрде шығыстардың болжамды немесе дәл сметалық есебін, сондай-ақ жобаның фотосын/ эскизін/үлгісін/сызбасын (олар интернет-ресурстан пайдаланылуы мүмкін) қоса береді немесе автор жобалық ұсынымды беру кезінде Интернет-ресурста іске асырылатын жобаны үлгілік жобалық ұсыныстар тізімінен алады, оған жоба эскиздері мен шығыстардың сметасы кіреді.