Әкім аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Әкім аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс қорытындысы бойынша Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімовтың өкімімен 2020 жылғы 13 қарашада Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Айдар Кәрімов тағайындалды.
Кәрімов Айдар Жақыпұлы 1986 жылы туған. Қарағанды қаласының тумасы.
Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мемлекеттік басқару бакалавры.
Еңбек жолын 2009 жылы "Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бастаған.
Одан әрі Қарағанды қаласының Қазыбек би, Октябрь аудан әкімі аппараттарында жұмыс істеді, экономика және кәсіпкерлік саласында бас маман лауазымынан бастап бөлім басшысына дейін.
2,5 жыл облыс әкімдігінде, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде қызмет атқарды.
2017 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының индустрия және ШОБ бөлімін басқарды.