Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 13 үй;

Пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 13;

Электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;

Байланыс телефоны: 8/7212/50-38-73

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар ұсыну.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ақпараттық жүйеде және оның «Qoldau.KZ» веб-платформасында

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:

Теміртау қаласының кәсіпкерлері үшін: «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101400, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары көшесі, 9, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru байланыс телефоны: 8 (7213) 410147, 410148;

 «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлік палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.

Құжаттарды электрондық нысанда қабылдау Үкіметтің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы Қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, сондай-ақ Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 қазандағы №39-қ қаулысына сәйкес онлайн қызметтерді дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы адами фактордың әсерін азайту, мемлекеттік қызметтер көрсету процедураларын және оларды электронды түрде ұсыну рәсімдерін максималды автоматтандыру мақсатында, сонымен қатар короновирустық инфекциясың таралуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020ж. "12" қарашадан бастап 2020ж. "20" қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінім берудің басталу күні мен уақыты: 2020ж. "12" қараша сағат 10-нан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2020ж. "20" қараша сағат 13-ке дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен сайтта танысуға болады http://upkrg.gov.kz/