Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!

Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!

Сіздерді 2026 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейінгі аралықта «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде 2027 жылы іске асыру үшін ұсыныстардың қабылданатыны туралы хабардар етеміз.

Теміртау қаласының халық қатысатын бюджетінің мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қаланы дамыту және аумағын көркейту. 

Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

1) Жобалық ұсыныстың атауы жинақы, бір сөйлем шеңберінде жазылуы тиіс және  ұсынылған Жобалық ұсыныс мақсатына қарама-қайшы келмеуі тиіс;

2) Жобалық ұсыныстар келесі өлшемшарттарға жауап беруі тиіс: 

бір өтінім – бір объект;

қала тұрғындары үшін қолжетімділігі шектеусіз ортақ пайдалану объектісі;

объект оны іске асыру жоспарланып отырған қала аумағында және коммуналдық меншіктегі жер учаскесінде орналасуы тиіс;

3) Жобалық ұсынысты іске асыру Теміртау қаласы әкімдігі құзыретінің шегінде болуы тиіс.

Халық қатысатын бюджет шеңберінде мынадай жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды:

1)  жобалау-сметалық құжаттаманы іске асыруға ғана есептелгендері;

2) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтерінің біреуін орындау келешекте қосымша элементтерді іске асыруды талап ететіні);

3) Теміртау қаласының даму басымдықтарына сәйкес келмейді;

4) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтіндері.

«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде азаматтар әкімшісі «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» болып табылатын іс-шаралар бойынша қалалық бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.

Ұсыныстарды Теміртау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет» тарауына жіберуге болады. Қала тұрғындарының жария дауыс беруі іске асырылатын жобаларды анықтайды.

Жобалық ұсынысқа автор міндетті түрде шығыстардың болжамды немесе дәл сметалық есебін, сондай-ақ жобаның фотосын/ эскизін/үлгісін/сызбасын (олар интернет-ресурстан пайдаланылуы мүмкін) қоса береді немесе автор жобалық ұсынымды беру кезінде Интернет-ресурста іске асырылатын жобаны үлгілік жобалық ұсыныстар тізімінен алады, оған жоба эскиздері мен шығыстардың сметасы кіреді.