Теміртау қаласы Ақсақалдар кеңесінің отырысы

Теміртау қаласы Ақсақалдар кеңесінің отырысы

Бүгін Теміртау қаласы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге “Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ басшысы Олжабаева Гүлмира Серікқызы және бөлім мамандары, сондай-ақ Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырыс барысында Ақсақалдар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, қоғамдағы өзекті мәселелер, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды насихаттау, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту бағыттары қаралды. Сонымен қатар, жастармен жұмыс, отбасы институтын қолдау және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, алдағы кезеңге нақты ұсыныстар мен жоспарлар белгіленді. Ақсақалдар кеңесінің қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы рөлі атап өтілді. Жиын қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар ескеріліп, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыру туралы шешім қабылданды.