
Теміртау қаласындағы «Астана» алаңында қысқы маусымның ең көп күтілетін әрі жарқын оқиғаларының бірі — қаланың басты жаңа жылдық шыршасын салтанатты жағу рәсімі өтті. Аталған мерекелік шара келе жатқан Жаңа жылдың символына айналып, қала тұрғындарына қуаныш, жайлы көңіл күй мен сиқырлы атмосфера сыйлады.
Шыршаны жағу салтанаты барысында қала әкімі жаңа жылдық безендіру байқауының жеңімпаздарын құттықтап, оларға лайықты марапаттарын табыстады.
2025 жылғы 17–26 желтоқсан аралығында "Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі үздік жаңа жылдық безендіру байқауын ұйымдастырды. Байқауға қаладағы ұйымдар, кәсіпорындар және тұрғындар қатысып, өздерінің креативтілігі мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, қаланың мерекелік келбетін қалыптастыруға үлес қосты. Олардың еңбегінің нәтижесінде көшелер, аулалар және қоғамдық кеңістіктер жарық пен жаңа жылдық көңіл күйге бөленді.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
«Жаңа жылға үздік және креативті безендіру» — бұл номинацияда мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, логистикалық нысандардың, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдерінің жаңа жылдық безендіру жұмыстары бағаланды.
«Жаңа жылға үздік көше, үй» — бұл номинацияда көшелердің, тұрғын үйлердің, іргелес аумақтардың, аулалардың және ғимарат қасбеттерінің жаңа жылдық безендірілуі бағаланды.
Байқауыдың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Жаңа жылға үздік көше, үй» номинациясы бойынша
І орын — 6-шағын аудан, 56-үй, 1-подъезд.
«Жаңа жылға үздік және креативті безендіру» номинациясы бойынша
жеңімпаз — КМКҚ «Мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлерін басқару».
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Аталған мерекелік іс-шара қала тұрғындарын біріктіріп, жағымды эмоциялар, жылы қарым-қатынас пен нағыз жаңа жылдық ғажайыптың жақындап қалғанын сезінуге мүмкіндік сыйлады.