Жұмыстан айырылу жағдайындағы төлем

Жұмыстан айырылу жағдайындағы төлем

 

Жұмыстан айырылу жағдайындағы төлем –

Жұмыстан шығу себебіне қарамастан, мемлекеттен тағайындалатын ай сайынғы төлем. Төлемді алу үшін келесі шарттар сақталу міндетті:

  1. Өтініш беруші жұмыстан шықпай тұрып, ресми жұмыс істеген болуы керек;
  2. Ең азы 6 ай үшін алымдар төленуі тиіс;
  3. Өтініш беруші жұмыссыз мәртебесін ресми алуы тиіс.

 

 

Әлеуметтік төлемге өтініш беру жолдары:

  • ХҚКО
  • Мансап орталығы
  • Электроны үкімет порталы
  • «Электронды еңбек биржасы» порталы
  • Проактивті режимде
  • Екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы

 

ХҚКО арқылы өтініш берген кезде қажетті құжаттар:

  • Өтініш
  • Жеке куәлік

Проактивті қызмет арқылы алған жағдайда өтініш беруші проактивті қызмет көрсетуге келсімін беріп, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауды және банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген нөміріне жолданатын хабарламаға жауап беру керек

 

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төлемдер адам жұмыссыз мәртебесін алған күннен бастап есептеледі. Өтініш берушінің жәрдемақы алу мерзімі өтілге байланысты. Төлемдердің макималды мерзімі – 6 ай.