Теміртауда кәсіпкерлердің даму институттары және екінші деңгейлі банктер өкілдерімен кездесуі өтеді

Теміртауда кәсіпкерлердің даму институттары және екінші деңгейлі банктер өкілдерімен кездесуі өтеді

«Теміртау қаласының кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 12 қараша күні сағат 15:00-де өтетін кәсіпкерлер кездесуіне шақырады. Іс-шара Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 2/1 мекенжайындағы «Jastar ortalygy» ғимаратында ұйымдастырылады.

Кездесуге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және өзге де даму институттарының, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысады.

Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, қаржыландырудың қолданыстағы тетіктерімен таныстыру және бизнестің қаржы институттарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау.

Іс-шара барысында кәсіпкерлер сарапшылардан жеке кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

Құрметті кәсіпкерлер! Кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздерді күтеміз!