Қарағандылықтар жаңа автомашинаны автосалонда-ақ тіркей алады

Қарағандылықтар жаңа автомашинаны автосалонда-ақ тіркей алады

Қарағандыда,  Гапеев көшесі, 1Б «Бахус» автосалонында,   автомобиль  сатып алу кезінде көлік құралын бірден есепке қою  мүмкіндігі пайда болды. Енді мамандХҚБ  жүгінудің қажеті жоқ, себебі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері қызметті сол жерде көрсететін болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Қарағанды облысы бойынша филиалы  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ыңғайлы болу үшін  тікелей автосалоннан автомашинаны тіркеу секторын ашты. Бұл Мұқанов көшесі, 5 мекенжай бойынша орналасқан, қолданыстағы мамандандырылған ХҚО жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта көлік құралын есепке қою мен шешу қызметтерін онлайн форматта есепке қоюға арналған  сұраныстың көбейгенін  айта кеткен жөн, яғни мәміле жөніндегі барлық рәсім  www.egov.kz электрондық үкімет порталында жүргізіледі, ал жаңа машинаның иесі автоХҚБ-ға тек дайын нөмір белгілерін мен техпаспортын алу үшін ғана жүгінеді. Айталық, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 15 мыңнан аса қарағандылықтар автосын онлайн тәсілмен қайта тіркеуді қалаған. Сонымен қатар,  114 мың азамат автосын мамандХҚБ арқылы дәстүрлі тәсілмен ресімдеген.