БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 триллион теңгеден асты

«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтары ағымдағы жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. Осылайша 2020 жылдың 1 қыркүйегінде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 трлн теңгеден асып түсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,9 трлн теңге немесе жинақтардың жалпы көлемінің 97,6% құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 294 млрд теңге (өсім 2,4%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден (өсім 0,02%) асты.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 685,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол алдыңғы жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 8% асып түсті.    

Жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасы бойынша төлемдерге (39,5 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (23,3 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (31,5 млрд теңге), мұрагерлерге (19,8 млрд теңге), жерлеуге (2,4 млрд теңге) берілген.

            2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құрағанын естеріңізге саламыз.