Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты дегеніміз не?

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты дегеніміз не?

Кадастрлық паспорт – бұл ғимараттардың құрылыстардың және жер учаскелерінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын қамитын құжат

Пәтердің кадастрлық паспорты қандай мәліметтерді қамтиды:

- Мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды;

- кадастрлық нөмір;

- нысанның салынған жылы;

- үйдің қабаттарының саны, пәтердің қабаты;

- тұрғын үй алаңы: жалпы көлемі, тұрғынжайдың көлемі, пайдалы аумақтын көлемі;

- бөлмелер саны;

-қабырға материалы;

- пәтер жоспары.

 

Колда бар техникалық паспортты ауыстыру міндетті ме?

Құжатты ауыстыру азаматтардың қалауына байланысты жүргізіледі, сондай-ақ:

- Қайта жабдықтау немесе қайта жоспарлау нәтижесінде техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайды

- Нысанды бөлу және біріктіру кезінде;

- Құқық белгілейтін құжаттағы сәкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісінің нақты деректерімен сәйкессіздігін анықтау қажеттілігі туындаған жағдайда құжатты ауыстыру қажет.

Қадастрлық төлқұжаттың құны жылжымайтын мүлік объектісінің ауданы мен түріне байланысты. Төлем екі кезеңмен жүзге асырылады:

- Базалық құн (аванс) өтініш берген кезде;

- Толық төлем орындалған жұмыс үшін нәтижені алған кезде жүргізіледі