Теміртау қаласында «Пластиксіз қала» экоакциясы өтті

Теміртау қаласында «Пластиксіз қала» экоакциясы өтті

«Теміртау қаласы әкімдігі» ММ , «Теміртау қаласы ішкі саясат бөлімі»ММ және «Аян-М» ЖШС мен «REN-Milk» ЖШС  қолдауымен «Пластиксіз қала» акциясы өтті. Акция республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында өткізілді.

Акцияның мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтарды азайту,қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 Қала тұрғындары сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін пластик бөтелкелерді арнайы қабылдау пункттеріне тапсырып, экологиялық акцияға белсене қатысты. Қала бойынша үш қабылдау пункті жұмыс істеді. Акция шартына сәйкес, әр 10 бөтелке үшін қатысушыларға 1 балмұздақ табысталды.

Шараға 100-ден астам тұрғын қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Акцияға жастармен қатар ересектер де белсене қатысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

 

 

Осы сияқты экологиялық бастамалар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. «Пластиксіз қала» акциясы тек бір күндік шара емес, ол қоғамда экологиялық сананы қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.