"Мерейлі отбасы" байқауының қалалық кезеңі бойынша марапаттау рәсімі өтті»

"Мерейлі отбасы" байқауының қалалық кезеңі бойынша марапаттау рәсімі өтті»

  «Мерейлі отбасы» - жыл сайын өтетін республикалық байқау. Біздің қаламызда бұл байқау 11 жыл қатарына өтуде.Осы уақыт аралығында 100 ден астам үлгілі, өнегелі отбасы қатысты.  

   Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру,отбасылық құндылықтарды, балаларына және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, кеңінен насихаттау.

 

Биыл қатысушыларды тіркеу 15 мамыр мен 25 маусым аралығында өтті. Теміртау қаласы бойынша түрлі салада еңбек ететін 7 отбасы қатысып, олардың ішінен 3 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаз отбасы облыстық байқауда қаланың намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады. Отбасылар төмендегі критерийлер бойынша таңдалды:

  • балалары мен немерелерінің (бар болған жағдайда) жетістіктері;

  • ата-аналардың үлгілі жетістіктері;

  • қоғамдық пайдалы қызметке қатысуы;

  • отбасының шығармашылық қабілеттері;

  • отбасылық дәстүрлер мен құнды жәдігерлер.

Қалалық комиссияның шешімі бойынша:

  1. «Үлгілі отбасы» номинациясы бойынша – Омаровтар отбасы

  2. «Рухани отбасы» номинациясы – Рахметжановтар отбасы

  3. «Бақытты отбасы» номинациясы – Манарбековтер отбасы

  4. «Тату отбасы» номинациясы – Яковенко отбасы марапатталды.

3 орын – Серимовтер отбасы

 

2 орын – Смагуловтар отбасы

1 орын – Булкенбаевтар отбасы

Булкенбаевтар отбасына -28 жыл. Төрт бала тәрбиелеп отыр. Балаларын еңбексүйгіштікке, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, ізгілікке баулиды. Отбасы отағасы 2001 жылдан бері «Qarmet» АҚ-да еңбек етеді, ал жұбайы осы кәсіпорында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Үлкен ұлы – «Qarmet» АҚ ЛПЦ-2 басқару пунктінің операторы. Бұл отбасы – бір өндірісте бірнеше жыл қатарынан еңбек етіп келе жатқан нағыз еңбек әулеті.

 

Отбасы – бұл жай ғана бірге тұратын адамдар емес. Бұл ең алдымен – бір-біріне жақын жандар, оларды жүздеген шақырым қашықтық бөлсе де, әрқашан қолдау көрсетуге дайын тұрады. Отбасы – нағыз баға жетпес байлық.

Біз қаламыздағы ұлағатты отбасылық дәстүрлерімізбен мақтанамыз!