БАҚ өкілдері қала әкімі атынан марапатқа ие болды.

БАҚ өкілдері қала әкімі атынан марапатқа ие болды.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай қала әкімі орынбасары С.С. Зияшев БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі мен салтанатты қабылдауды өткізді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен халықты маңызды оқиғалар туралы уақытында хабардар еткені үшін қалалық және облыстық БАҚ өкілдері қала әкімі атынан Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қала әкімі атынан Құрмет грамотасына ие болғандар қатарында 30 жылын осы мамандыққа арнаған "Орталық Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі журналист Имашев Ержан Мәзұлы болды. Сонымен қатар, Теміртау қаласының «Вечерняя газета» басылымының журналисі Светлана Лебедева облыс тарапынан «Алтын сұңқар 2025» сыйлығына ие болған болатын.

Қоғамға қызмет етіп, еңбек етіп жүрген және Теміртау қаласының өмірі мен жаңалықтарын кеңінен насихаттап, халықты уақытылы әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғандары үшін кәсіби журналистерге алғысымызды білдіреміз шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!