«Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдастыруымен 25 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының маңызын түсіндіруге арналған семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға Теміртау қалалық мәслихатының төрағасы А.Б.Ломакин, «Теміртау қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Г.С.Олжабаева, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер, Аналар алқасы мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.
Семинарда спикер ретінде «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі, Қарағанды облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздерді мониторингтеу жөніндегі өңірлік сарапшылық топтың мүшесі Кабулова Шахмарал Майбекқызы сөз сөйледі. Ол Жолдаудағы негізгі бағыттар мен бастамалар туралы кеңінен тоқталып, қоғамның белсенді қатысуының маңызын атап өтті.