24 маусым күні Теміртау қаласында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары С.С. Зияшев, қалалық мәслихаттың төрағасы А.Б. Ломакин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.С. Олжабаева, қаланың белсенді үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мен мәслихат депутаттары қатысты.
Жиын барысында Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Серік Манибекұлы Санаубаев сөз сөйлеп, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, олардың қоғамдағы рөлі мен мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылы туралы ой бөлісті.
Кеңес отырысында азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, ҮЕҰ қызметін жандандыру және жергілікті атқарушы органдармен тиімді ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.