Әкімдік жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздерін тексеру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Әкімдік жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздерін тексеру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бүгін Теміртау қаласы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Самат Саятұлы Зияшев төрағалық етті.

Жиын барысында жұмыс тобының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері қаралды. Белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, жұмыс тобының мүшелері Теміртау қаласындағы 30-дан астам ұйым мен мекемеде мониторинг жүргізіп, мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану бойынша тексерулер өткізді. Нәтижесінде сыртқы қолдануға байланысты (мысалы, гербтің қарайып кетуі, жыртылған ту, өңі кеткен маңдайшалар, жарықтандырудың болмауы) шамамен 20 ұсыным, ал ішкі рәсімдеу бойынша 31-ден астам ұсыным берілді. Барлық мекемелерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Отырысқа әкім жанындағы комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.