"Әке-асқар тау" Әкелер күніне арналған эстафета

"Әке-асқар тау" Әкелер күніне арналған эстафета

15 маусым – елімізде жыл сайын аталып өтетін Әкелер күні. Бұл атаулы мереке Қазақстанда ресми түрде үшінші жыл қатарынан тойланып келеді. Осы орайда Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімі жанұялық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әке – асқар тау» атты спорттық эстафета ұйымдастырды.

Іс-шараға қала бойынша 20 әке қатысып, өздерінің шымырлығын, төзімділігін және нағыз әкелік рухты танытты. Эстафета барысында қатысушылар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, ептілік пен күшті ғана емес, сонымен қатар командалық үйлесімділік пен бірлікті де көрсете білді.

 

Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, әкелердің қоғамдағы рөлін айшықтау және ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өту болды. Эстафетаға қатысушыларды қолдау үшін отбасы мүшелері де белсенді қатысты. Олар жанкүйерлік танытып, мерекенің көңілді әрі шуақты өтуіне өз үлестерін қосты.

Командалар арасынан ерекше көзге түскен, ұйымшылдығы мен шапшаңдығын көрсете білген жеңімпаз команда алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.