
2025 жылғы 4 маусым күні Теміртау қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық форум өтті. Іс-шараның мақсаты –өскелең ұрпақтың бойына патриотизмды дарыта отырып, оларды өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықа, беріктіке, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Форумға қала әкімдігі өкілдері, белсенді жастар мен ақсақалдар,аналар кеңесінің өкілдері қатысты. Шара барысында ту көтеріліп,әнұран орныдалып рәміздерге құрмет көрсетілді. Қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап «Мен Қазақстанның патриотымын» атты бейнеролик байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Алғыс хаттармен марапатталады;
Жүлделі орын иегерлері:
3 орын - Қалмырза Нұрсұлтан
2 орын - Исмаил Карина, Вишневецкая Дарья
1 орын- Мунбаев Ержан
Жеңімпаздар алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекеттік рәміздер күні Мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мемлекеттік қызметшілерге ант беру рәсімі өтті.
Шара соңында «Арнайы жедел әрекет ету отряды» еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған көрнекі қойылымдар көрсетті.
«Көк тудың желбірегені» форумы — ұлттық бірліктің, тәуелсіздіктің және елдік мұраттардың нышанына айналған рәміздерімізді дәріптейтін маңызды шара ретінде жоғары деңгейде өтті.