«Мен Қазақстанның патриотымын» бейнероликтер байқауы

«Мен Қазақстанның патриотымын» бейнероликтер байқауы

«Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мен Қазақстанның патриотымын» бейнероликтер байқауының басталуын хабарлайды.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту және тереңдету.

- Теміртау қаласы тұрғындарының өз елінің тарихына қызығушылығын жандандыру;

- патриоттық сезімді қалыптастыру және Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихына қызығушылықты ынталандыру;

- халықтың азаматтық сана-сезімін дамыту;

- шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қатысушылардың азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік беру;

- қазақстандық патриотизмді, мемлекеттік рәміздерге деген мақтаныш пен құрметті тәрбиелеу;

 Байқау шарттары:

  • Байқауға қатысуға ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы, ҚР мемлекеттік рәміздері туралы бейнежазбалар мен роликтер қабылданады (2 минуттан аспайды). Бейнебаяндарда қатысушылар мемлекеттік рәміздерді жасау тарихы туралы айтып, олардың маңыздылығын, қызықты фактілер туралы айтып, оларға патриоттық көзқарасты көрсете алады.

  •  Бейне қазақ және орыс тілдерінде түсірілуі мүмкін.

  • Бейнероликті 2025 жылғы 02 маусымды қоса алғанда мектептің, колледждің, жоғары оқу орнының жеке бетінде немесе Instagram-аккаунтында жариялау және   @ishki.sayasat.temirtau және #МенҚазақстанныңпатриотымын хэштегін белгілеу қажет, сондай-ақ бейнероликті 8-775-989-45-43 нөміріне ролик авторын (толық ТАӘ) көрсете отырып, жіберу қажет.

  • Байқаудың жалпы жүлде қоры 300 мың теңгені құрайды: 1 орын - 100 мың теңге, 2 орын - 70 мың теңге, 3 орын - 50 мың теңге, қосымша ынталандыру сыйлықтары беріледі.

  • Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушыдан грамоталар мен ақшалай сыйлықтар алады.

  • Жүлделі орын ала алмаған конкурсқа қатысушылар ұйымдастырушыдан алғыс хат алады.

  •  Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылдың 04 маусымында өтеді.

  •  Анықтама телефоны: 8 775 989 45 43