21 мамырда Теміртау қалалық прокуратурасының бастамасымен «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні өткізді. Шара «Jastar Oralygy» алаңында өтті.
Іс-шараға қаланың келесі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты:
- Теміртау қалалық прокуратурасы;
- «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
- Теміртау қаласының Теміртау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы;
- Теміртау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы;
- Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Теміртау қалалық полиция бөлімі;
- «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;
- «Қарағандыэнерго саласы» ЖШС;
- «Қарағанды Жарық» ЖШС;
- «Оқжетпес-Т» ЖШС;
- Кәсіпкерлер палатасының Теміртау қаласындағы филиалы;
- «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ.
Сондай-ақ бұл шараға Теміртау қаласындағы бизнес мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестіктер мен одақтар қатысты:
- «Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі;
- «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі.
Екі сағаттан астам уақыт ішінде салық салу, өрт қауіпсіздігі, жер қатынастары, коммуналдық қызметтермен өзара іс-қимыл және мемлекеттік қолдау шараларының өзекті мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер бизнес пен мемлекет арасында ашық және сындарлы диалог құруға, бизнесті жүргізу үшін қолайлы және түсінікті жағдай жасауға көмектеседі. Бұл кәсіпкерлік ортаны, демек, бүкіл қаланы дамытуға жасалған маңызды қадам.