Таза Қазақстан экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы және «Таза Like» республикалық акциясы шеңберінде 2025 жылғы 30 сәуірде «Көгілдір тоғандар-2» су қоймасында Нұра - Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, А.Жантелов ЖК балық шаруашылығы субъектісі және Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өтті.
Акцияға мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің эковолонтер-студенттері қатысты.
2025 жылдың 29 сәуірінде Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында да осындай акция өткізіліп, оған жастар, еріктілер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан болатын.
Акцияның мақсаты: балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін қызмет көрсету. Осы акция шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарын тасталған (иесіз) балық аулау ауларынан тазарту және су айдындарының жағалау аумағын қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүргізілетін болады.
Акцияға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, жағалау аумағын тазарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Акция барысында 50-ден астам қап қоқыс жиналды, оларды коммуналдық қызметтер шығарып тастады.
Келесі акция 2 мамырда Федоров су қоймасының жағалауында өтеді.
Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз!