«Таза Қазақстан» және «Таза Like» экологиялық акциялары аясында Федоров су қоймасы тазартылды

«Таза Қазақстан» және «Таза Like» экологиялық акциялары аясында Федоров су қоймасы тазартылды

Таза Қазақстан экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы және «Таза Like» республикалық акциясы шеңберінде 2025 жылғы 02 мамырда Федоров су қоймасында Нұра - Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы және Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өтті.

Акцияға мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, Б. Бейсенов атындағы ІІМ в атындағы Қарағанды академиясының курсанттары қатысты.

Акцияның мақсаты: балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін қызмет көрсету. Осы акция шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарын тасталған (иесіз) балық аулау ауларынан тазарту және су айдындарының жағалау аумағын қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүргізілетін болады.

Акция барысында 150-ден астам қап қоқыс жиналды, оларды коммуналдық қызметтерімен шығарылды.

Акция аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар үшін экопикник ұйымдастырылып, естелік экосыйлақтар тапсырылды.

Келесі акция «Қ. Сәтбаев атындағы канал» су қоймасы мен Саран су қоймасында өтеді.

Табиғатты қорғауға өз үлестерін қосамыз деген қала тұрғындарын акцияларамызға шақырамыз!

Акцияларды өткізу күні мен уақыты туралы ақпарат Қарағанды облысының табиғат