Қарағанды облысында орман қорының дамуы жалғасуда

Қарағанды облысында орман қорының дамуы жалғасуда

Қарағанды облысында орман қорын дамыту және қалпына келтіру үшін көшеттер егу басталды. Шахтинскіде 10 гектар жерге 44 мыңнан астам қарағай көшеті егіледі. Жалпы 440 га орман аумағын көгалдандыру және 2 млн-ға жуық қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттерін егу жоспарланған.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағаш егу орнында болып, жұмыстардың қалай жүріп жатқанын, қандай материалдар пайдаланылатынын көрді.Аймақ басшысы сондай-ақ Новодолинка ауылындағы орман тәлімбағына барды. Оның инфрақұрылымы дамып келеді. Мұнда қызметкерлерге арналған жаңа ғимарат салынып, техника жаңартылды.80 гектардан астам алқапта ормандарды дамыту және қалпына келтіру үшін көшет материалы өсіріледі. Сақтауға қажетті жабдықтары бар орман тұқымы станциясы бар. Алғаш рет қайың, долана және итмұрын тұқымдары себілді. Салыстыру үшін екі жабынды материал пайдаланылады: маттар мен агроспан, өсімдіктер үшін қайсысы жақсы екенін көру үшін. Кейіннен өсірілген көшеттер облыс аумағында егіледі.
– ҚР Президентінің ел аумағында екі миллиард ағаш егу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін бізде жұмыс жүргізілуде. Жалпы ауданы 440 га жерге 1,9 млн көшет егуді жоспарлап отырмыз. Бұл – үйеңкі, шегіршін, қарағай. Жұмыстар Шахтинскіде басталды. Қарағандыда, Кирзавод ауданында 10 гектар жерге 44 440 қарағай егіледі. Теміртау қаласындағы учаскеде үйеңкі мен қарағаш егу жоспарланған, – деп хабарлады табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаев.Қарағандыда Пришахтинск орманы көркейтілуде. Қала тұрғындары серуенге келеді. Демалушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады: үстелдер, орындықтар мен самалжайлар орнатылады. Демалыс аймағын дамыту көзделіп отыр. Өз кезегінде табиғат аясындағы демалу әуесқойларын тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.