«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Экология және балалар» облыстық конференциясына өтінімдер жинау туралы хабарлайды.
Конференция Қарағанды облысы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған «ТазаҚазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде экология саласындағы оқушылар мен педагогтардың жобалау – зерттеу жұмыстарының конкурсы түріндеөткізіледі.
Конференцияға қатысу 2 кезеңде өткізіледі:
- 30 сәуірге дейін-өтінімдерді жинау.
12-14 мамыр-күндізгі кезең. Конкурстық жұмыстар келесі жас санаттарында қаралады:
- 3-4 сынып оқушылары
- 5-6 сынып оқушылары
- 7-8 сынып оқушылары
-9-11сынып оқушылары.- жалпы білім беретін мектептердің, балаларға қосымшабілім беру мекемелерініңоқытушылары.
✔️Үздік жұмыстар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады, қорытындылар әрбір жас санаты бойынша жеке шығарылатын болады. ‼️Конференция ережесін 8-775-989-45-43 телефоны арқылы алуға болады
✅Конференция тілі: қазақ, орыс
✅Анықтама телефоны: 8-775-989-45-43.