СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ және КМК «Қарағанды су қоймалары» бірлесіп су тасқынының алдын алу мақсатында қажетті іс-шараларды атқарды. Облыстық коммуналдық меншік балансындағы су шаруашылығы объектілерінің жалпы саны 51 бірлікті құрайды. Қазіргі таңда, су тасқынына қарсы қысқы-көктемгі жұмыстар толығымен аяқталды.
Қысқы-көктемгі жұмыстар бойынша су тасқыны кезеңінде су көлемін анықтау үшін су өлшегіш рейкалар тексеріліп, су тасқынына қарсы механикаландырылған және кірме жолдардағы қар мен мұзды тазалау, автоматты су төгу, қабылдау камерасын, бөгет жотасын, реттегіш шлюзді тазалау жұмыстары атқарылды. Кірме жолдарды сондай ақ су өткізу және су төгетін құрылыстар қардан тазартылды.
Су өткізу құрылыстарына (шлюз-реттегіштерге, ысырмаларға, су бұру каналына) техникалық қызмет көрсетілді, жабдық тетіктерінің құрамдас бөліктерін, оның ішінде су қоймаларына кірме жолдарды, жол астындағы су өткізу құбырлары тексерілді. ГТҚ жағдайы бойынша су шаруашылығы объектілеріне қар жамылғысы мен мұздың қалыңдығына мониторинг жүргізілді.
КМК «Қарағанды су қоймалары» су объектілерінде халық пен балық пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жадынама әзірледі, жадынама түріндегі үлестірме материалдармен түсіндіру жұмыстары жасалды.
Су тасқыны маусымына дайындықты бақылау және бағалау мақсатында тиісті уәкілетті органдарды тарта отырып комиссия құрылды. Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті әкімдіктер, КМК «Қарағанды су қоймасы» және басқарма мүшелері су шаруашылығы объектілеріне су тасқыны алдындағы комиссиялық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Су апатына қарсы техникалар, ЖЖМ, қаптар, инертті материалдар, жабдықтар мен мүкәммал сынды су тасқынына қарсы қажетті материалдар дайын. Бүгінгі күні штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік кестесі дайындалды, мобильді топтар, диспетчерлік қызмет атқарылуда.
Су тасқыны жағдайы қазіргі таңда тұрақты бақылауда.