АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев көктемгі аң аулау мерзімдерін талқылады. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары мен облыстың аңшылық шаруашылығы субъектілері де кеңеске қатысты. Аң аулау бекітілген аңшылық алқаптарының аумағында аталық үйрек (алдамшы үйрек немесе тұлып болған жағдайда) және еркек құрдан басталады.
Инспекцияның 2023 жылғы 19 наурыздағы № 9-НҚ бұйрығымен Қарағанды облысының бекітілген аңшылық алқаптарының аумағында 2024 жылы климаттық аймақтарды ескере отырып, көктемгі аң аулаудың ашылуы мынадай мерзімдерде өтеді:
1) оңтүстік аймақ (Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандары): 2024 жылдың 30 наурызынан 13 сәуіріне дейін;
2) солтүстік аймақ (Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар-Жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары): 2023 жылдың 13 сәуірінен 27 сәуіріне дейін.