«Жер Сағаты 2023» экологиялыак ациясына қатысыңыз

«Жер Сағаты 2023» экологиялыак ациясына қатысыңыз

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы халықты «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қатысуға шақырады.

Акцияға әркім қатыса алады. Сонымен, табиғат пен ресурстарға ұқыпты және жауапкершілікпен қарау үшін 26 наурызда сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін үйлердегі, кеңселердегі, ұйымдардағы өз ғимараттарының сыртқы жарықтандыруын өшіру керек

Бұл шара алғаш рет 2007 жылы Австралияда ұйымдастырылды. Біздің мемлекет те осы акцияға қосылды.

Жыл сайын, соңғы сенбіде, жергілікті уақыт бойынша 20.30-да, бүкіл әлем бойынша екі миллиардтан астам адам планетаны сақтау және ресурстарды тұрақты пайдалану үшін шамдарды өшіреді.

Біздің облыс тұрғындарының дүниежүзілік флешмобқа қатысуға қолдау көрсетеді деп үміттенеміз, ол бір сағатқа жарықты сөндіріп қана қоймай, сонымен қатар әрқайсымыздың табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосуға: электр энергиясын, суды үнемдеуге, қоқыс тастамауға, жануарларға көмектесуге мүмкіндігіміз бар екенін түсінуге мүмкіндік береді

«Жер сағаты» 2023 экологиялық акциясына қатысыңыз.