Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы ұжымды Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесімен құттықтады. Дастархан басында бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, амандық, денсаулық және барлық жақсылықты тіледі!
Сонымен қатар Қарағанды облысының тұрғындарын да жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Бұл – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінде туған жер топырағына құт-береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!